«73,9 млрд теңге сомасына 86 жобаны іске асыру жоспарланған, бұл 166,6 мың адамды немесе 56 ауылдық елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2022 жылы газ тасымалдау жүйесінің одан әрі дамуын айқындайтын Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015-2030 жылдарға арналған Бас схемасы өзектілендірілді. Бұдан басқа, «Мақат-Солтүстік Кавказ» магистралдық газ құбырының лупингін салу, «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралдық газ құбырының 2-ші желісін салу, «Сарша» жерін газдандыру үшін газ құбырын және «Жылы жағажай» курорттық аймағын салу, сондай-ақ «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралдық газ құбырының 1-ші желісін реконструкциялау сияқты газ жобаларын жаңғырту және реконструкциялау бойынша жұмыстар басталды. 2023 жылы «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралдық газ құбырының 1-ші тізбегін реконструкциялауды қоспағанда, барлық жобаларды аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ алдағы жылы «Бейнеу-Бозой-Шымкент 2-ші желісінің құрылысы» жобасы бойынша базалық жобалауды бастау жоспарлануда. Жер қойнауын пайдаланушыларды газ өндіру мен өңдеу көлемін ұлғайтуға ынталандыруға, сондай-ақ газ кен орындарын игеруге инвестициялауға мүмкіндік беретін газ сатып алудың жаңа формуласы әзірленді», - деді спикер.
Әлемдік өндірушілердің ТОП-10 құрамына кіретін полипропилен өндіретін ірі мұнай-химия зауыты іске қосылды. 2023 жылға жалпы инвестиция сомасы 1 млрд. доллар болатын бутадиен және метанол өндіретін зауыттардың құрылысын бастау жоспарланған. Алдағы жылы «Сұйытылған мұнай газының айналымын реттеу процестерінің реинжинирингі мәселелері бойынша» заң қабылданады, ол сұйытылған газ айналымының ашықтығын және әділ баға белгілеуді қамтамасыз етеді.