Оның айтуынша, осы жылы аукционда 39 млрд теңге қол қою бонусы төленіп, 49 жер қойнауы учаскесі сатылды. Геологиялық барлауға мәлімделген инвестициялар сомасы шамамен 56 млрд теңгені құрады.  


«Жер қойнауын пайдаланушылар алған келісімшарттық міндеттемелерді орындамай ұзақ уақыт ұстайтын жер қойнауы учаскелерін тексеру бойынша жұмыс жалғасуда. Мұнай-газ саласында жүйелі бұзушылықтары бар 27 келісімшарттың 12-сі бұзылды, 9 келісімшарт бойынша 1,5 млрд теңге сомаға берешек өтелді, 4 келісімшарт бойынша сот талап-арыздары жіберілді, 2 келісімшарт бойынша-жұмыс заңнамаға сәйкес жалғасуда. Мемлекетке қайтарылған жер қойнауының учаскелері болашақта инвестициялар тарту үшін аукционға шығарылатын болады. Бұдан басқа, 2022 жылы уран саласының жер қойнауын пайдаланушыларымен туындаған даулы мәселелерді арбитражға дейінгі реттеу бойынша ұзақ келіссөздер процестері аяқталды. Нәтижесінде республикалық бюджетке 24 млрд теңге мөлшерінде тікелей төлемдер қамтамасыз етілді және 400 млрд теңгеден астам сомаға геологиялық барлауға инвестициялар үшін жағдайлар жасалды. «Дәстүрлі емес көмірсутектер» - тақтатас майы, тақтатас газы, табиғи битум, газ гидраттарынан алынатын газ бөлігінде нормалар енгізілді. Аукциондар арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын беру рәсімдері жеңілдетілді. Көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі күрделі жобалар үшін жер қойнауын пайдалану саласындағы жақсартылған модельдік келісімшарт (ЖМК) қабылданды. Соның арқасында алдағы жылы Қаламқас-Хазар және Қаратон-тұз асты кен орындары бойынша инвестиция көлемі 9 млрд. долларды құрайтын екі жақсартылған модельдік келісімшартқа қол қою жоспарлануда», - деді спикер. 


2023 жылы жер қойнауын пайдалану саласындағы әкімшілік кедергілерді азайту және кен орындарын тез пайдалануға беру үшін жағдай жасау жөніндегі заң жобасын қабылдау жоспарлануда.