Оның айтуынша, тәуелсіздік жылдары Қазақстан балалардың құқығын қорғау жөніндегі 15 халықаралық құжат ратификациялады, оның алғашқысы Бала құқықтары туралы Конвенция болды. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен кепілдіктерін реттейтін 50-ге жуық нормативтік құқықтық актілер қабылданды.
«Президенттің 2022 жылды Балалар жылы деп жариялауы туралы Жарлығының негізінде Үкімет қаулысымен ағымдағы жылы іс-шаралар жоспары қабылданғанды. Жоспарда 7 бағыт бойынша 66 іс-шара қамтылған. Осыған сәйкес, өңірлік, аудандық және қалалық жоспарлар бекітілді. Балалар жылында 4 790 718 бала білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт салаларындағы түрлі шығармашылық, зияткерлік, спорттық, сауықтыру және әлеуметтік жалпы алғанда 500 мың түрлі іс-шаралармен қамтылды. Жалпы, балалар жылын іске асыруға 12 орталық, 20 жергілікті мемлекеттік орган, 130 үкіметтік емес, 20 мыңнан аса оқу ұйымдары қатысты», - деді спикер.