Жаңа модельге сай стандарт, оқу жоспарлары және оқу бағдарламасы жаңартылып, баланың құзыреттіліктерін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.  

«2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап балабақшаларда халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар жергілікті бюджет есебінен тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Биыл алғаш рет 25 мыңнан астам баланы оқу орындарына қауіпсіз тасымалдау үшін арнайы мектеп автобустарының автопаркі ауқымды түрде жаңартылуда. Әкімдіктер лизинг арқылы 515 мектеп автобусын сатып алуда. Осы жылы аз қамтылған отбасы бабаларына төленетін қаржы көлемін ұлғайту мен монетизациялауға қатысты Үкімет қаулысына  енгізілген өзгерістер нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда белгіленген қаржы 2 есеге артып, ата-аналардың шоттарына  аударылды. Осыған орай әлеуметтік қорғалмаған топтарға жататын отбасылардан шыққан 475 мыңнан астам бала керекті киім-кешекпен және оқу құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілді», - деді вице-министрі. 


Бүгінгі күні 1 – 11 сыныпта оқитын жекелеген санаттардағы 100% тегін ыстық тамақпен қамтылғандар саны 161 294  балаға артты.