Қайырымдылық көмек көрсетілді, атап айтқанда:

- қаза тапқан 19 әскери қызметшінің, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерінің отбасыларына - 133 млн теңге (7 млн теңгеден); 

- ауыр жарақат алған 111 әскери қызметшіге, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне - 333 млн теңге (3 млн теңгеден);

- қаза тапқан әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларындағы 23 кәмелетке толмаған балаға - 46 млн теңге (әрбір кәмелетке толмаған балаға 2 млн теңгеден);

- қаңтар оқиғаларының кездейсоқ құрбаны болған ҚР 135 азаматының отбасыларына - 945 млн теңге (7 млн теңгеден);

- кездейсоқ құрбан болған Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының отбасыларындағы 101 кәмелетке толмаған балаға - 202 млн теңге (әрбір кәмелетке толмаған балаға 2 млн теңгеден);

- атыс қаруынан зардап шеккен және жәбірленуші деп танылған 138 ауыр жараланған кәмелетке толған азаматтарға - 414 млн теңге (3 млн теңгеден);

- қаңтар оқиғасы кезінде жарақат алған 13 баланың отбасыларына - 39 млн теңге (3 млн теңгеден).

Қор қаза тапқан әскери қызметшілердің, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларына; ауыр жараланған әскери қызметшілерге, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне және жараланған балалардың отбасыларына (кәмелетке толмаған балалар) қайырымдылық көмек көрсетуді толық аяқтады.

Бүгінгі таңда Қор қаңтар айындағы оқиғалардың кездейсоқ құрбаны болған ҚР қаза тапқан азаматтарының 12 отбасына және атыс қаруынан зардап шеккен және жәбірленуші деп танылған 131 ауыр жараланған кәмелетке толған азаматтарға қайырымдылық көмек көрсетуді жалғастыруда.