2023 жылғы 09 қаңтарда мүдделі тараптардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында «Қалжат» өткізу пунктіне ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылық құрамы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен кездесу өткізді.

Өткізілген жұмыс кеңесі барысында шекара қызметімен, жергілікті атқарушы органдармен және тасымалдаушылармен бірлесіп кедендік рәсімдерден өту, сондай-ақ мемлекеттік шекарадан өту тәртібі туралы қажетті түсініктемелер берілді.

Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік бақылау бойынша шекарадағы жағдайға тұрақты мониторинг жүргізуде.