Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде (TikTok, Instagram және т.б.) азаматтардың банкроттығы бойынша ақылы қызметтер көрсету туралы жарияланымдарды орналастыру жағдайлары жиілеп кетті.

2023 жылдың наурыз айынан бастап бұл қызметті E-gov сайты және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.

Банкроттық туралы толығырақ ақпарат алу үшін азаматтарға 1414 (қосымша нөмір 3) нөмірі немесе Telegram чат https://t.me/SalyqBot арқылы хабарласу қажет.

Банкроттық рәсімінен өту тәртібі туралы ақпарат ҚР Қаржы министрлігінің және Мемлекеттік кірістер комитетінің сайттарында жарияланған.