Атмосфералық ауаның экологиялық мониторингінің нәтижелері көрсеткендей, 45 елді мекеннің 10 қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары: олар Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған, Риддер екендігі анықталды.

Эмиссияларды төмендету бойынша нақты жұмыстар ірі ластаушы кәсіпорындар бөлінісінде де жүргізіледі. Мысалы, АрселорМиттал Теміртаудың ластаушы заттар шығарындыларының лимиті биыл 16%, яғни 250 мың тоннадан 210 мың тоннаға дейін төмендетілді (2021 ж. - 325 мың тонна). 2025 жылға дейін лимитті 149 мың тоннаға төмендету жоспарлануда.

Ең үздік қолжетімді техникаға көшу реформасы шеңберінде өнеркәсіптің негізгі салалары бойынша 91 кәсіпорында кешенді технологиялық аудит аяқталды. 83 салалық есеп дайындалды. ТОП-50 ірі кәсіпорындар үшін 2 жыл ішінде 12 ең үздік қолжетімді технологиялар анықтамалығы әзірленді. Осы жылдың соңына дейін тағы 4 анықтамалық әзірлейміз.

Экология министрінің халықпен кездесуі барысында бірнеше рет қалдықтарды басқару бойынша проблемалық мәселелер көтерілді. Саланы дамытуды сапалы жоспарлау мақсатында әкімдіктер қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу жұмыстарын бастады. Бұл ретте министрлік тиісті әдіснамалық көмек көрсетеді.

Климаттық саясат саласында министрлік 2020 жылға парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден (381,6 млн тонна) 8% төмендетуге қол жеткізді. Қазақстан парниктік газдар шығарындыларын 15% қысқартуға міндеттеме алған.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы әзірленіп, ҚР Президенті Әкімшілігіне енгізілді.

Су шаруашылығын дамыту мәселелері.

Орташа көпжылдық өзен ресурстары жылына 102,3 текше километрді құрайды, оның жылына 54,5 текше километрі жергілікті ағын, ал жылына 47,8 текше километрі Орталық Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келеді. Осы бағыттағы көршілес елдермен жұмыс жүйелі негізде жүргізілуде. Уақытылы қабылданған шаралардың арқасында 2022 жылдың вегетациялық кезеңі тұрақты өтті.

Одан өзге, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін жаңа Су кодексімен жұмыс жалғасуда. Бүгінгі күні, кодекс жобасы әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілді. Жоба наурызда Парламентке енгізіледі.

Орман шаруашылығын дамыту. Президенттің бастамасымен орман қоры жерлерін көгалдандыру мақсатында 2 млрд ағаш отырғызу жұмыстары жалғасуда. Былтырғы жылы (166 мың гектар алқапқа) 239 млн ағаш отырғызылды, Биылғы жылы (188 мың гектар алқапқа) 409 млн ағаш отырғызу жоспарлануда.

Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызу жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Өткен жылы 250 мың гектар жерге фитомелиоративтік жұмыстар жүргізілді.

Жыл басында Мемлекет басшысы Өсімдіктер әлемі туралы заңға қол қойды, сондай-ақ, Әкімшілік бұзушылықтар туралы Кодекске және Қылмыстық кодекске экологиялық бұзушылықтар мен вандализм көріністері үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заңдар қабылданды.

Жануарлар дүниесін дамыту және қорғау бағыты. Сирек тұяқты жануарлар мен ақбөкендер санының жыл сайын артуы байқалуда. Мәселен, ақбөкендердің саны 1 млн 318 мыңнан астам басқа жетті. Сонымен қатар, заңнаманың қатаңдатылуына қарамастан, ақбөкендерді ату фактілері тоқтамауда. Өткен жылы браконьерліктің 67 фактісі анықталды.

Киік санын басқару мақсатында биылғы жылы кешенді ғылыми зерттеуді бастау жоспарлануда. Бұл ретте, киікті алып қоюға мораторийді келесі жылға дейін созылды.

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңын іске асыру мақсатында нормативтік-құқықтық актілер бекітілді. Жергілікті атқарушы органдар зоо-қоғамдық ұйымдармен және қажетті инфрақұрылымды (жануарларға арналған баспаналар, уақытша ұстау пункттері) құру бойынша жұмыс жүргізуде.

Сонымен қатар, тазы мен төбеттің қазақ халқының ұлттық игілігі екенін ескере отырып, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақ ит тұқымдарын сақтау және молайту мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Балық саласын дамыту бойынша З.Сүлейменова балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы іске асырылып жатқанын атап өтті. Өткен жылы 3,7 млрд теңге сомасына 11 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 17 мың тонна балық өсірілді, бұл 2021 жылғы деңгейден 12% жоғары (2021ж. - 14,9 мың тонна).

2020 жылмен салыстырғанда балық өсіру шаруашылықтарының саны 2 есеге артып, 380-ге жетті. Өсірілген балық көлемі де соңғы 5 жылда жылына 5,6 мың тоннадан 17 мың тоннаға дейін ұлғайды.

«Аквамәдениет туралы» Заң жобасын әзірлеу жүргізілуде, онда бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шаралар да көзделетін болады. Заң жобасын осы жылдың қараша айында Парламентке енгізіледі.

Сонымен қатар, Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Президенттің тапсырмасы аясында Каспий теңізінде мемлекеттік табиғи резерват құру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда жаратылыстану-ғылыми негіздемесі (НҒҚ) әзірленуде, біз оны жақын арада алуды жоспарлап отырмыз, содан кейін техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге кірісеміз.