Тамара Дүйсенованың айтуынша, бұл шешім кепілді әлеуметтік пакет алушылардан мемлекеттік әлеуметтік көмекті ақша форматына ауыстыру туралы ұсыныстар келіп түскендіктен қабылданды. Бұл ретте министр 5 175 теңге балалар алатын атаулы әлеуметтік көмекке қосымша қаражат екенін атап өтті.
«Біз АӘК мөлшерін ұлғайттық. Өткен жылы АӘК төлеу үшін республикалық бюджеттен 59 млрд теңге бөлінсе, биыл 72 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар жергілікті бюджеттен тағы 20%. Егер бұрын 6 мың теңге деңгейінде берілсе, енді 9 мың теңге шамасында болады. Оған қоса тағы 5 175 теңге. Яғни, балаға берілетін азық-түлік себеті 15-16 мың теңге деңгейінде болады. Бұл бала алатын жиынтық сома», - деді Т.Дүйсенова.