Т. Дүйсенованың айтуынша, несиені әртүрлі санаттардағы 18 бен 35 жас аралығындағы жастар ала алады. 

«Конкурс өткізіліп, әркім өзінің бизнес-жоспарын ұсынады. Бизнес-идеяның өзектілігі жастарға несие беруге негіз болады», - деді министр. 

Т. Дүйсенованың айтуынша, бизнес-идеялардың өзектілігін өңірлер анықтауы керек, өйткені жергілікті жерлерде қандай жоба қажет екенін олар жақсы біледі. 

Сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ерекше қажеттіліктері бар жастарға 1,2 млн теңге көлемінде грант қалатынына назар аударды, ол өтеусіз беріледі.