2021 жылғы 1 шілдеде «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді, оған сәйкес техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі («е-ТРМК» АЖ) ұғымы енгізілді.

«е-ТРМК» АЖ негізгі мақсаты:

  1. Техникалық реттеу саласында тізілімдерді жүргізуді автоматтандыру;
  2. Техникалық регламенттер мен стандарттарды қамтамасыз ету, өзектендіру;
  3. Сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) тізілімін және берілген сәйкестік сертификаттары мен тіркелген сәйкестік туралы декларациялар тізілімін сүйемелдеу жолымен техникалық реттеудегі техникалық кедергілерді төмендету;
  4. Отандық нарықты қауіпті және сапасыз (стандартты емес) өнімдерден шектеу;
  5. Жабдықтың сәйкестігін бағалау құжаттарын электрондық қалыптастыру және т. б.

Қазіргі уақытта «е-ТРМК» АЖ ҚР СИМ ТРМК Төрағасының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 383-НҚ бұйрығымен тәжірибелік пайдалануға енгізілді, сондай-ақ «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ өткізген сынақтардың нәтижелері бойынша  «е-ТРМК» АЖ сынақтан өтті және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді.

Биыл 9 қаңтарынан бастап аккредиттеу рәсімдері бойынша өтінімдердің барлық түрлері «е-ТРМК»  АЖ-де қаралады.

«е-ТРМК» АЖ-де техникалық реттеудің барлық тізілімдері шоғырланған (берілген сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы декларациялар тізілімі, сертификаттау және сынақ зертханалары органдарының тізілімі, қауіпті өнімдер бойынша тізілім, өлшеу құралдары бойынша тізілім және т.б.). 

Бүгінгі таңда жүйеде 473-тен астам ұйым (сертификаттау органдары мен зертханалар) тіркелген, 180 құрылымдық бөлімше қосылған, 1445 есептік жазба құрылған.

Бұдан басқа, өнеркәсіптік пайдалануға беру аяқталғаннан кейін «е-ТРМК» АЖ техникалық реттеудің бірыңғай цифрлық алаңы шеңберінде «Бірыңғай терезе» АЖ-мен интеграцияланатын болады.

Анықтама: Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының 09.04.2021 ж. № 129 бұйрығына сәйкес 2021 жылғы 28 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесі іске қосылды, онда ҚР мен ЕАЭО сәйкестігін бағалау туралы құжаттар беріледі.

Сондай-ақ, «е-ТРМК» АЖ Астана-1 кеден жүйесімен интеграциялау мәселесі пысықталуда, ол шетелдік тауарларды елге әкелу сатысында кедендік тазарту шеңберінде сәйкестікті бағалау туралы құжаттарға сараптама жүргізудің дербестігі мен жеделдігін қамтамасыз етеді, бұл ретте адами фактор мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді.

Тұтастай алғанда, техникалық реттеу және метрология комитетінің сәйкестікті бағалау рәсімдерін цифрландыру және жетілдіру бойынша жүргізіп жатқан жұмысы «сұр» сертификаттарды жоюға және сәйкестікті бағалау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан халқын қауіпсіз және сапалы өніммен қамтамасыз етуге және техникалық кедергілерді төмендетуге бағытталған.