Бұл туралы Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Дарын Бұлқайыр айтып берді.

- Бұқар Жырау ауданында пилоттық жоба Ростов, Белағаш, Қаражар, Самарқанд ауылдық округтерінде және Баймырза ауылдық округінде іске асырылатын болады. Осакаров ауданына Озерный, Сарыөзек және Қарағайлы ауылдық округтері қатысады. Жоба суландыру құрылыстарын: ұңғымалар, құдықтар, сондай-ақ мал айдау жолдарын, суару алаңдарын, қой қораларын, жануарларға арналған қашалар орнатуды қамтиды. Электр желілері салынады. Сонымен қатар, қызметкерлердің маусымдық тұруына арналған үй - жайлар қарастырылған, - деді Дарын Бұлқайыр.

Ведомство басшысы облыста жыл сайын ірі қара мал саны артып келе жатқанын атап өтті. Сондықтан жайылымдық жерлермкн қамтамасыз ету мәселесі өзекті бола түсті.