Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында беріледі.

«Биыл ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысына сәйкес 6 сала бойынша 47 грант, оның ішінде 22 – қысқа мерзімді, 16 – орта мерзімді және 9 ұзақ мерзімді жоба іске асырылатын болады, Атап айтқанда, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау; азаматтық қоғамның дамуына, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу; азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау; қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту; жастар саясатын және балалар бастамаларын қолдау; отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу. Гранттарды барлық бағыттар бойынша іске асыру Орталыққа әлеуметтік қажеттіліктер мен мұқтаждықтардың, сондай-ақ жергілікті бастамашыл топтар мен қоғамдық ұйымдардың мүмкіндіктерінің толық көрінісін байқауға мүмкіндік береді», - деді спикер.


2023 жылға арналған Республикалық бюджет қаражатынан бөлінген гранттардың жалпы сомасы 1 млрд 292 мың теңгені құрайды.