Оның айтуынша, жаңа механизм шеңберінде үкіметтік емес ұйымдардың өздері мәселені шешу жолдарын ұсынатын «төменнен жоғарыға» тәсілі енгізілуде.


«ҮЕҰ-мен, жұртшылықпен консультациялар және халықаралық тәжірибені талдау негізінде градуирленген гранттар жүйесі енгізілді. Қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді гранттар енгізілді. Гранттың түріне қарай қаржыландыру көлеміне, іске асыру мерзімдеріне, ҮЕҰ үшін конкурсқа қатысу шарттарына, есептілікке қойылатын әртүрлі талаптарға сәйкес айқындалады. Қысқа мерзімді гранттарды іске асыру мерзімі үш айдан 12 айға дейін, орта мерзімді гранттарды – бір жылдан екі жылға дейін құрайды. Ал ұзақ мерзімді гранттар 2 жылдан 3 жылға дейін жүзеге асырылады», - деді спикер.