«Мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурсқа мәліметтері ҮЕҰ Дерекқорында қамтылған (infonpo.gov.kz) және құжаттарды берудің техникалық талаптарына сәйкес келетін ҮЕҰ-лар қатыса алады. Қысқа мерзімді және орта мерзімді гранттарға өтінімдер Операторға 12 қаңтар мен 1 ақпан аралығында, ұзақ мерзімді гранттарға 12 қаңтар мен 15 ақпан аралығында Астана уақыты бойынша 18.30-ға дейін енгізіледі. Барлық өтінімдер grants@cisc.kz. электрондық поштасы арқылы қабылданады, сондай-ақ өтінімдер мен құжаттарды Операторға қолма-қол тапсыруға болады. Байқаудың барлық жеңімпаздарын құрамына азаматтық белсенділер, қоғам белсенділері, сарапшылар кіретін тәуелсіз сараптама комиссиясы айқындайды. Орталық жұмысының негізгі қағидаттары ашықтық пен айқындылық болып табылатындықтан, комиссияның барлық отырыстары Орталықтың Facebook парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады», - деді спикер.


Сонымен қатар Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы жергілікті атқарушы органдармен және «Шелл-Қазақстан» компаниясымен ынтымақтастықты жалғастырады. ҮЕҰ-ның экологиялық бастамаларын қолдау шеңберінде «EcoBatys 2.0» жобасы бойынша екінші гранттар конкурсы жарияланды. Жоба жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру арқылы Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарындағы қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған.