Апаттар медицинасы орталығы құрылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін төтенше жағдайлардан зардап шеккен адамдарға медициналық көмек көрсетуге байланысты маңызды, жауапты міндеттерді тиімді шешуде.

Республиканың барлық өңірлерінде құрылған және жоспарлы түрде дамып келе жатқан орталықтың күштері мен құралдары тұрақты дайындық қызметінің белсенді авангардына және елдің азаматтық қорғау жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды.

«Апаттар медицинасы орталығы» ММ төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі негізгі жедел бірлігімен Апаттар медицинасының жасақтары мен шұғыл медициналық көмек бригадалары анықталды. Екі жасақ Алматы және Өскемен қалаларында, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға неғұрлым бейім өңірлерде орналасқан.

Жасақтар 14 тәулік ішінде далада жедел пайдалануға арналған, өткізу қуаты тәулігіне 200 зардап шеккен мобильді госпитальдармен жабдықталған.

Апаттар медицинасы орталығының күштерімен тек 2022 жылы 6 мыңға жуық шығу жүзеге асырылды, 4 мыңнан астам зардап шеккен адамға, оның ішінде 400 балаға шұғыл медициналық көмек көрсетілді, 1,5 мың адам, оның ішінде 200 бала ауруханаға жатқызылды, 700-ден астам зардап шеккен адамға, оның ішінде 46 бала шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.

Орталықты жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Мәселен, Апаттар медицинасы орталығы бөлімшелерінің жеделдігін арттыру мақсатында 2022 жылы 53 медициналық жабдық (электрокардиографтар, дефибрилляторлар, өкпені жасанды желдету аппараты), реанимациялық автомобиль, далалық госпитальға арналған пневмокарк модульдерінің жиынтығы сатып алынды. Алматы және Қарағанды облыстарындағы 11 трассалық медициналық-құтқару пункті қайта жаңартылды.

Апаттар медицинасы орталығының бөлімшелерінің бірі – 40 трассалық медициналық-құтқару пункті болып табылады. Олар еліміздің аса авариялық-қауіпті учаскелерінде тәулік бойы режимде жұмыс істейді. Жол-көлік оқиғаларында зардап шеккен адамдарға медициналық және құтқару көмегін көрсетеді. Жалпы, 10 жыл ішінде трассалық пункттердің бригадалары жол-көлік оқиғаларына 14 мыңға жуық рет шығып, 34 мың зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетті, 12 мыңнан астам адам ауруханаға жатқызылды. Азаматтардың тегін медициналық көмекке 19 мыңнан астам дербес өтініштері тіркелген.