Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы табиғи газ саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланды.

 

Келіссөз қорытындысы бойынша тараптардың өзара іс-қимылының негізгі бағыттары, атап айтқанда, қазақстандық газды Орынбор МӨЗ-інде қайта өңдеу мәселелері, ресейлік газды Қазақстанға жеткізу мүмкіндіктері, сондай-ақ ынтымақтастықтың перспективалық жобалары айқындалған Жол картасына қол қойылды. 

Сондай-ақ кездесуге Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев, ҚР энергетика министрі Болат Ақшолақов, «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов қатысты.