Дәрмен Сәдуақасовтың айтуынша, Қазақстан бүгінде ФИДЕ-нің екі өтініміне ресми түрде қатысады: классикалық шахматтан әлем чемпионы атағы үшін финалдық матч өткізу және Дүниежүзілік балалар шахмат олимпиадасын өткізу құқықтары үшін.  


Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Алматы қаласында өткен Әлем чемпионатының қорытындысына жоғары баға берді. 


«Барлық міндеттер орындалды. Чемпионатты ұйымдастыру және өткізу қамтамасыз етілді. Шахматшыларымыздың нәтижелері қуантарлық. Сонымен қатар еліміздің, Алматы қаласының, ең алдымен туристік әлеуетін аштық. Әлем бойынша Қазақстан өмір сүруге, қонаққа келуге болатын тамаша орын болып табылады. Біз барынша қонақжайлылық таныттық», - деді Дәрмен Сәдуақасов. 


Сонымен қатар Чемпионат аясында төрешілер семинары өткізілді, онда олар біліктіліктерін арттырды, «Әйелдердің шахматтағы рөлі» тақырыбында әйелдер семинары, балалар блиц-турнирі, сондай-ақ барлық шахмат әуесқойлары үшін блиц-турнир ұйымдастырылды.