Тараптар 2024 жылы Астана қаласында өтетін жоғары деңгейдегі экологиялық проблемалар бойынша Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) өткізуді талқылады.

Министр З.Сүлейменова алдағы конференция аясында климаттың өзгеруін, су қауіпсіздігін, ауаның ластануын, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін талқылауды ұсынды.

Аталмыш конференция нәтижелері экологиялық мәселелер аясында ынтымақтастық бойынша АӨСШК кеңесін құру үшін негіз бола алады.

Сонымен қатар, министр табиғи ресурстар ел экономикасының дамуына оң әсер ететінін атап өтті. Қоршаған ортаға оң көзқарасқа тек экономикалық өсу және экологиялық құраушы арасындағы тепе-теңдікті сақтаған жағдайда қол жеткізуге болады.