Жобалаудың бұл әдісі карьердегі беткейдің қиябеті мен жерасты тау-кен қазбаларының өндірілген кеңістіктерін тұрақты нығайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ осы инновациялық тәсіл арқылы карьерлердегі литологиялық массивтердің түзілімдері және қозғалыстарын басқару мен шахталардағы тазарту кеңістіктеріндегі тау қысымын реттеудің қауіпсіздігі артады.

Бұл ретте қазір бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу кезінде тау-кен кәсіпорындары бірқатар қиындыққа тап болып жүргенін айта кету керек. Атап айтқанда, габариттен ауытқу, кенжардың табанын сапасыз өңдеу, жарылғыш ұңғымалардың атқылауы, жарылғыш заттарды шамадан тыс тұтыну мен тау массасын артық ұнтақтау тиісті жұмысты сапалы жүргізуге кедергі келтіріп отыр.

Ал бұрғылау-жару жұмыстарының өлшемдерін жобалаудың жаңа әдісі арқылы кен орындары мен шахталық аумақтарды аудандастырып, сондай-ақ ұңғымалардың торларын ұлғайту мен жарылғыш заттардың нақты шығынын азайту көзделеді.

Аталған тың әдіс еліміздің құрылыс карьерлерінде сынақтан сәтті өткізілді.