Бұл жұмыс кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеу шеңберінде жүргізілуде. 

Кеңес барысында «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесінде іске асырылған кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімін сапалы толтыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, қатысушылар бақылау субъектісін іріктеу кезінде мемлекеттік бақылауды автоматтандыру жүйесін қалыптастыру жөніндегі техникалық мәселелерді қарады.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді, оның ішінде тізілімді сапалы толтыру, бақылау үшін субъектілерді іріктеу және ТБЖ (тәуекелдерді басқару жүйесі) көрсеткіштерін жақсарту. Бұл бағыттағы жұмыстарды мүдделі мемлекеттік органдар бизнес-қоғамдастықпен тығыз қарым-қатынаста жалғастыратын болады.

Тізілім - бұл реттеуші актілерді тұрақты негізде қайта қарауды қамтамасыз ететін міндетті тетік.

2022 жылы бизнеске қойылатын барлық талаптарды тексеру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді, онда жаңа реттеуші саясаттың базалық шарттарына сәйкес келмейтін 10 мыңға жуық талаптар анықталды.

2023 жылы заңнама кәсіпкерлік саласындағы жаңа тәсілдерге сәйкес келтірілетін болады.