Осы уақыт ішінде Қорғаныс министрлігі қолбасшылықтың күштері мен құралдар құрамын, міндеттері мен функцияларын айқындады. Жыл бойы басқару органдарын, арнайы операциялар күштерінің бөлімшелерін құзыретті мамандармен жасақтау, оларды заманауи техникамен, қару-жарақпен және оқу-материалдық базамен жарақтандыру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы Мемлекет басшысының армияның жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру және Қарулы күштердің жұмысын қайта құру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде құрылды.
Арнайы операциялар күштері елдің қорғаныс қабілетін, әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде, оның ішінде терроризмге қарсы операцияларға қатысу және заңсыз қарулы құралымдарға қарсы арнайы міндеттерді шешуге арналған құрылым.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!