Отырысқа қатысушылар орта білім беруді жаңғырту жөніндегі жобаны іске асыруды, Ақтөбе, Қарағанды, Тараз, Риддер және Қонаев қалаларында кәріз-тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды, сондай-ақ күре жолдарды реконструкциялау, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру жөніндегі бірқатар жобаны жалғастыру мәселелерін талқылады.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр тиісті тапсырмалар берді.

Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, Еуропа қайта құру және даму банкі, сондай-ақ Ислам даму банкінің өкілдері қатысты.