Тараптар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси жүйені одан әрі демократияландыру және адам мен азамат құқықтарының конституциялық кепілдіктерін нығайту жөніндегі бағдарламасын іске асыру барысын сындарлы түрде талқылады. Америкалық тарап Мемлекет басшысының ауқымды реформаларын жүзеге асыруды толық қолдайтынын тағы да растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар адам құқықтары саласындағы нәтижелі өзара іс-қимылды жалғастыру бойынша ниетін құптады және Бірлескен мәлімдемені қабылдады.