Жүргізілген ЖІШ нәтижесінде 6 мекенжай бойынша санкцияланған тінту жүргізілді, оның барысында жоғарыда көрсетілген крипто айырбастау пункттерінің ұйымдастырушыларын әшкерелейтін заттар: Ноутбуктер, моноблоктар, ұялы телефондар, банктік және бухгалтерлік құжаттар, қылмыстық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын криптоәмиян кілттері (флэш-карталар) алынды.
Binance платформасында 2 крипто әмиянда 6 000 АҚШ доллары көлеміндегі криптоактивтер анықталып, оларға уақытша шектеулер орнатылды. Басқа криптобиржаларда орналасқан тағы 200 000 доллардан астам криптоактивтер табылды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі көрсетілген қызмет түріне тиісті лицензия болған жағдайда Астана қаласында АХҚО аумағында ғана рұқсат етілгенін ескертеді.