«Негізгі критерийлер арасында жұмысқа орналасу деңгейі, түлектердің медиандық жалақысы, білім беру бағдарламаларының аккредиттелуі, оқытушылардың сапасы, білім беру бағдарламаларының өзектілігі сияқты критерийлерді атауға болады. Түлектердің мансаптық болашағы блогындағы критерийлер бойынша деректер ЖОО-лар беретін анықтамаларға емес, зейнетақы аударымдары бойынша еңбек ресурстарын дамыту орталығынан алынатын ақпаратқа сүйеніп талданады. Дегенмен ол деректердің барлығы таза және рейтинг аясында көрсеткіштер бойынша объективті бағалау жүргізуге мүмкіндік береді», – деді ҰКП өкілі. 

Оның айтуынша, білім беру бағдарламаларының сапасын әр саланы жетік меңгерген, тәжірибелі мамандар бағалады.