Отырысқа облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері (бейнеконференцбайланыс режимінде), бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жаңадан сайланған және тағайындалған депутаттары қатысты.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 82-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып келесі сайланған депутаттар тіркелді:

– Абай облысынан – Қайрат Құлбайұлы Тастекеев;

– Ақмола облысынан – Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісов;

– Ақтөбе облысынан – Амангелді Шайхоллаұлы Нугманов;

– Алматы облысынан – Жанболат Әкебайұлы Жөргенбаев;

– Атырау облысынан – Әлібек Ибатоллаұлы Нәутиев;

– Шығыс Қазақстан облысынан – Шәкәрім Сабырұлы Бұқтұғұтов;

– Жамбыл облысынан – Сәкен Қаланұлы Арубаев;

– Жетісу облысынан – Амангелді Ғабдылкәрімұлы Толамисов;

– Батыс Қазақстан облысынан – Арман Кәрімұлы Өтеғұлов;

– Қарағанды облысынан – Серік Балғатайұлы Өтешов;

– Қостанай облысынан – Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов;

– Қызылорда облысынан – Руслан Рүстемов;

– Маңғыстау облысынан – Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасаров;

– Павлодар облысынан – Ернұр Нұрмұханұлы Әйткенов;

– Солтүстік Қазақстан облысынан – Гүлмира Раинбекқызы Кәрімова;

– Түркістан облысынан – Мұрат Болатұлы Қадырбек;

– Ұлытау облысынан – Советбек Тұрсынұлы Медебаев;

– Астана қаласынан – Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай, Андрей Иванович Лукин (шығып қалғанның орнына);

– Алматы қаласынан – Жанна Бейсентайқызы Асанова;

– Шымкент қаласынан – Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров.

Сонымен қатар, 2022 жылғы маусымда өткен референдум нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес қазіргі уақытта Парламент Сенатының он депутатын, оның ішінде бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша Республика Президенті тағайындайды

Бұл конституциялық норма тәжірибеде алғаш рет іске асырылды. «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы №112, 113 Жарлықтары негізінде Орталық сайлау комиссиясы келесі депутаттарды тіркеді: Жақып Қажманұлы Асанов, Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев, Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп, Ләззат Молдабекқызы Қалтаева, Асқар Оразалыұлы Шәкіров, Евгений Андреевич Больгерт, Закиржан Пирмухамедович Кузиев, Нурия Исмагиловна Ниязова, Алишер Гапиржанович Сатвалдиев, Геннадий Геннадиевич Шиповских.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабына сәйкес Парламент депутатының өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясы оны тіркеген кезден басталатынын атап өтті.

Тиісті қаулыларға қол қойылғаннан кейін ҚР ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров тіркелген депутаттарға куәліктер мен төсбелгілерді табыс етті.