«Ол туралы қоғамдық ұйымдар болып өте көп жазып, талап еткен едік. Біріншіден, жемқорды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу. 2020 жылдың 20 желтоқсанынан бастап, яғни 2 жылдан астам сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жаза күшейтілді. Атап айтқанда, ауыр және аса ауыр жемқорлық фактісі бойынша қылмыс жасаған тұлғалар шартты түрде мерзімінен бұрын босатыла алмайды. Яғни, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, жемқор шенеунік бұл мерзімін толық өтеуі керек. Сондай-ақ пара алумен байланысты қылмыстар бойынша кінәлі тұлға жазасын ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтеуге мүмкіндігі болған. Бұл заңда қарастырылған болатын. 2020 жылғы заңнамалық түзетулер пакеті бұл мүмкіндікті жоққа шығарды», - деді Смағұлов.