Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тұмыш, дипломатиялық қызмет ардагері Бағдат Сейтбатталов, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, сондай-ақ сыртқы саяси ведомствосының ұжымы қатысты.

Тұсаукесерге шақырылған қонақтар кітапта сипатталған консулдық қызмет өкілдерінің күнделікті жұмысында кездесетін әртүрлі оқиғалары мен өмірлік жағдайларына, соның ішінде жаһандық пандемия кезіндегі, жанжал ошақтарындағы және шетелде басқа да түрлі жағдайлардағы қызметіне үлкен қызығушылық танытты.

Консулдық қызметінің іргетасы әлемнің кез келген жерінде ҚР азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау екені атап өтілді.

Тұсаукесерден кейін автограф-сессиясы барысында қонақтарға кітаптар табысталды.

Кітаптың электрондық нұсқасы: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/article/details/109213?lang=kk