«Біріншіден, рұқсаттан айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру түріндегі санкцияны көздейтін әкімшілік жазалардың кейбір түрлерін салалық нормативтік құқықтық актілерге ауыстыру мүмкіндігі. Осы бағытты іске асыру Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте көзделген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін толық іске қосуға мүмкіндік береді, осылайша неғұрлым заңды және әділ шешім қабылдау мүмкіндігін арттырады. Екіншіден, жекелеген жария-құқықтық институттарды азаматтық-іс жүргізу заңнамасынан шығару ұсынылады. Аталған істердің мәні жеке тұлғалар мен мемлекет арасында қалыптасатын жария құқықтық қатынастардан туындайды. Сондықтан қазіргі уақытта істердің осындай санаттарын Азаматтық процестік кодексінен әкімшілік әділет саласына көшіру туралы мәселені қараудың орындылығы шығып жатыр. Осындай механизмдер халықаралық тәжірибеде де кең қолданылған», - деді спикер. 


Сонымен қатар «Нормативтік құқықтық актінің заңдылығына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу» Азаматтық процестік кодексінің 30-тарауы да жария құқықтық қатынастар саласына жатады, ал жария-құқықтық қатынастардағы заңдылықты сақтау азаматтық сот ісін жүргізудің міндеті болып табылмайды. Осыған байланысты, осы санаттағы істерді Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне көшіру орынды деп саналады. Төртіншіден, Кодекстің өзіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қолданыстағы нормаларын түзету және толықтыру көзделген.