Министр енгізуді жоспарлап отырған бағдарлама жолдамалар ресми туристік агенттіктерден демалу үшін аз белсенді маусым кезінде сатып алынған жағдайда азаматтарға тур құнының 20%-на дейін қайтаруға мүмкіндік береді. Мысалы, жаңа бағыттарға (Абай, Ұлытау облыстары) шығындар сомасының 20% қайтарылатын болса, Алматы, Бурабай сияқты танымал бағыттарға кешбэк 10% құрайтын болады.
«Біз аталған бағдарламаның барлық тетігін толық және сапалы пысықтау үшін жұмысты қолға аламыз. Кешбэк – ішкі туризмді тартымды етудің жаңа құралы. Сұранысты арттыра отырып, отандық туристік операторларға да қолдау көрсетеміз. Министрлік туристік кешбэк енгізу мәселесін қарауды жеделдетуі керек деп санаймын», - деп атап өтті Асхат Оралов.