Кездесу барысында халық сот актілерін орындауға, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге, мұрагерлік іске, адвокаттық және нотариаттық қызметті жүргізу тәртібіне қатысты проблемалық мәселелерді айтып, олар бойынша министр қолданыстағы заңнама шеңберінде түсініктемелер берді.

Сонымен қатар, кездесуде министр заң көмегін көрсету саласындағы инновациялар туралы, атап айтқанда тегін заң көмегіне кепілдік берілген адамдар тобын кеңейту туралы айтты. Осылайша, аз қамтылған және көп балалы отбасылар, тұрмыстық зорлық-зомбылық, азаптау құрбандары, 1 және 2 санаттағы мүгедектер, зейнеткерлер тегін заң көмегіне жүгіне алады.

Сонымен қатар, министр нотариаттық мәмілелер негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды жеделдетілген электрондық тіркеу енгізілгендігін атап, азаматтардың «Мемлекеттік корпорацияға» оларды тіркеу үшін қағаз құжаттармен жүгіну қажеттілігін болдырмайтындығын, бір жұмыс күнінен екі сағатқа дейінгі мерзім қысқартылғандығын алға тартты.

Атқарушылық іс жүргізу жөніндегі мәселелерге тоқтала отырып, А. Есқараев азаматтарға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде және қоғамдық орындарда орнатылған терминалдар, сондай-ақ Каспий банкі мен Қазпошта мобильді қосымшалары арқылы онлайн режимде берешекті төлеу мүмкіндігі берілгенін хабарлады.

Бұдан әрі цифрландыру шеңберінде Digital Justice – Цифрлық әділет жобаларының 12-сін жетілдіру бойынша жұмысты айтты. Бұл - «цифрлық нотариат» жобасы (Нотариаттық қызметтерді онлайн форматта аудару, QR көмегімен құжаттарға қол қою), «Е-заң көмегі» жобасы (электрондық нұсқада заң көмегін көрсету), «Аттестаттау реинжинирингі» жобасы (аумақтық әділет органдарында нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы болғысы келетін үміткерлердің комиссиялық әңгімелесуден жеке өтуін болдырмау. Оның орнына компьютерлік тестілеуден және ситуациялық кейстерден өту болады), смартфондардан мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің проактивті және композиттік форматы, МИБ цифрландыру (МИБ электрондық дауыс беруді жүргізу және оны электрондық тіркеу) және т.б.

Қорытындылай келе, А. Есқараев елімізде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қабылдануымен бір жылдан астам уақыт бұрын әкімшілік Әділет іске қосылғанын, әкімшілік соттар пайда болғанын атап өтті. Енді елдің кез-келген азаматы кез-келген мемлекеттік органның, лауазымды адамның шешімі немесе әрекеті әкімшілік сотқа шағымдана алады.

Сондай-ақ, министр осы сапар аясында аумақтық әділет департаменті мен Ақтөбе өңіраралық сот сараптамалары орталығының қызметкерлерімен кездесу өткізді.