Вячеслав Дудник өзінің құттықтау сөзінде бұл жобаны Қазақстанда іске асырудың маңыздылығын атап өтті, өйткені бүгінгі таңда вирустық гепатиттермен сырқаттану проблемасы біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде өзекті болып тұр. Вирустық гепатит бауырдың ауыр ауруын және гепатоцеллюлярлық карциноманы тудырады. Сондай-ақ, ол вирустық гепатиттердің профилактикасы бойынша барлық ұйымдастырушылық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, оның ішінде СӨС аспектілері бірлесіп пысықталатынына және пилоттық жоба қысқа мерзімде басталатынына сендірді.

Осы жобаны іске асырудың арқасында С вирустық гепатитін уақтылы анықтау, емдеу және оның асқынуларының алдын алу үшін халықты жалпыға бірдей скринингтеу мәселесі пысықталатын болады, бұл цирроз мен бауыр обырынан болатын өлімді азайтуға мүмкіндік береді.