Сонымен қатар спикер банкроттықтан кейін пайда болатын салдарға тоқталды. 


«Сот банкроттығын, және соттан тыс банкроттығын қолданатын азаматтар 5 жыл ішінде банктерден және микроқаржы ұйымдарынан кредиттер ала алмайды (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа); олар 7 жылдан кейін ғана қайта банкроттыққа жүгіне алады; олардың қаржылық жағдайы банкроттықтан кейін үш жыл бойы тексеріледі. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру кезінде мұндай салдар болмайды», - деді спикер.