Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында балаларды ерте жастан бейімдеу айырықша маңызға ие болуы керек екенін атап өтті. Осы орайда былтыр аталған жоба пилоттық түрде 40-тан астам мектепте жүзеге асырылды. 2023 жылдың соңына дейін 500 астам мектепті қамту жоспарланған.


«Жалпы 3 мыңнан астам оқушы қамтылды, оның ішінде 10-12 сыныптағы балалар бар. Біз оларға нарықтың дамуы және мамандық таңдау кезінде алдарында қандай триггер болуы тиіс екені жайлы айттық. «Болашақ» мамандары-менторлар өздерінің өмірлік немесе кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Зерттеу деректері бойынша бүгінгі таңда еңбекке қабілетті халықтың 60%-дан астамы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бұл үлкен мәселе. Сондай-ақ мектеп оқушыларының 87%-і ата-ананың және мектеп мұғалімдерінің ықпалымен мамандық таңдайды. Бұл ретте ата-аналардың 25%-ы балаларының қандай мамандықты таңдағысы келетіні туралы түсінігі жоқ екенін айтады», - деді спикер.