Өтінішті қарастыру барысында борышкердің ұзақ уақыт бойы балаларын асыраудан жалтарып, алимент төлемдерін төлемейтіні анықталды. ЖСО ер адамның қарызын жұмыссыз адам ретінде есептеген, ал ол адвокаттық қызметті жүзеге асыратыны мәлім болып шықты. Сондай-ақ, борышкер өтініш берушінің атына алынған және осы күнге дейін оның несиелік міндеттемелері жалғасып жатқан автокөлікті үшінші тұлғаға бергені белгілі болды. 

Осы факті бойынша Уәкілдің бастамасымен облыстық Әділет департаменті жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде ЖСО тарапынан орын алған әрекетсіздік фактілері расталды, ол тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Борышкерге қатысты алименттік міндеттемелерді мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша атқарушылық іс қозғалды. Сонымен қатар, оның адвокаттық лицензиясы сот шешімі орындалғанға дейін тоқтатылды. Ортақ мүлік болып табылатын автокөлік сақтау қолхатымен өтініш берушіге берілді.

Осылайша, ана мен екі жас баланың құқықтары қалпына келтірілді.