«Негізгі серпіліс – сөзден іске. Кәсіпкерлер жерді ресімдеу, сәулет және басқа да бақылаушы органдардан рұқсат алу, коммуникацияларды қосу, сондай-ақ мемлекеттік қолдауды (кредиттер, гранттар, субсидиялар) алу кезінде кездесетін нақты проблемаларды шешумен айналысатын боламыз. Өңірлерде бизнес өтініштерін қабылдау үшін арнайы алаңдар мен байланыс арнасы жұмыс істеуде. Аумақтық департаменттердің басшылары Facebook парақшаларында хабарламаларды қабылдайды. Сондай-ақ Антикордың Call-орталығына 1424 қысқа нөмірі бойынша хабарласуға болады», – делінген хабарламада.