Қазіргі уақытта 2023 жылғы 31 қаңтарда басталған маты облысы Жамбыл ауданының Қарақастек ауылындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар аяқталды. Өткізілген іс-шаралар барысында Талас өзенінің арнасындағы мұзды ұсақтау, тазарту, кеңейту, түбін тереңдету, инертті материалдармен нығайту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Осы іс-шара су басудың ықтимал қауіп-қатерін азайтуға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта елді мекенді су басу қаупі жоқ. Қарақастек ауылында 700 жеке тұрғын үй бар, онда 4 000-ға жуық адам тұрады.
50-ден астам адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылды. Оның құрамында құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері бар.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!