«Оны міндетті түрде көрулеріңіз керек. Біз балалардың шығармашылығымен барынша көп көрерменнің танысқанын қалаймыз.  Тағы бір мақсатымыз – Қазақстанда меценаттылықты дамыту», – деді спикер.  


Ұлттық Дельфий ойындарының режиссері, #EREKSHEteatr режиссері Бақытжан Тәжіновтың айтуынша ым тілі – бұл өнер және оны хореография, вокал және т. б. сияқты дамыту керек.   


«Сөздерді естіп қана қоймай, көруге де болады. Оны біздің спектакльдер жеткізеді. Мұндай қойылымдар елімізде сирек қойылады, бірақ көптеген елдерде осындай жанрдағы кәсіби театрлар бар. Астанаға келген ұжымның өз қолдаушылары бар», – деді Б.Тәжінов.   


Спектакльдер Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония сахнасында қойылады.