Төртінші өнеркәсіптік революцияның үлестес орталық басшысы Павел Коктышев кейінгі екі жылда сектордың даму көрсеткіштерінің төмендеуіне қарамастан (бұл бүкіл әлемдегі экономиканың біршама секторларына тән), индустрия дұрыс бағытта дамып келе жатқанын айтты.

Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының төрағасы Сапар Ахметов аталмыш салада жұмыс істейтін қазақстандық компаниялардың да айтарлықтай қиындықтарға тап болғанын айта кетті.

«Алайда биыл біз оң үрдістерді байқап отырмыз. Мемлекет саланың даму үрдістеріне түсіністікпен қарайды. Бұл әуелі Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жобаның алғышарттары. Біздің қауымдастық үкіметпен және АХҚО-мен жұмысты биыл да жалғастырады», - деді ол.

Ахметов қауіпсіздік мәселелерін ескере және ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл жасауға жағдай жасай отырып, Қазақстанда криптовалюта айналымын енгізу қажет екеніне сенімді. Қауымдастық өз тарапынан білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды қарастыра бастады. Себебі нарықта криптотрейдерлер мен алаяқтардың көбеюіне байланысты азаматтарды сауаттандыру қажет.

Электронды өнеркәсіп және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті директорының орынбасары Ғизат Байтұрсынов Парламент отырысында осы сектордың басты мәселелерін шешуді көздейтін цифрлық активтер туралы заң қабылданғанын еске салды.

«Көптеген елдерде криптовалюталар төлем құралы ретінде қолданылады. Бізде оған Ұлттық банк әлі дайын емес, дегенмен болашақта жетеміз деп ойлаймын», - деді ол.