Конституциялық Соттың атына азаматтардан шағымдардың келіп түсуі жалғасуда.
Өтініш берушілердің басым бөлігі әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер бойынша шығарылған сот актілерімен келіспей шағымданды (36%). Екінші орында – зейнетақы саласына қатысты өтініштер (17%). Ал құқықтық актілердің Конституцияға қайшы келетін тұстарына шағым саны 14%-ды құрады.
Осы аталғандармен қатар, азаматтардан еңбек және тұрғын үй заңнамасы, әлеуметтік қамсыздандыру, ақпаратқа қол жеткізу және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы нақты жағдайларға байланысты өтініштер түсті.
Ең көп өтініш Астана және Алматы қалаларының, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының тұрғындарынан қабылданған.