«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қазселденқорғау» ММ жалпы көлемі 250 мың текше метр қар көшкінінің 74 профилактикалық түсуі жүргізілді. Адамдардың өліміне және зардап шегуіне жол берілмеді. Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандары, шамамен екі мың қар ұстайтын қалқандармен қорғалады.  Учаскелерде ақпараттық және ескерту қалқандары орнатылады, жер үсті тексерулері жүргізіледі», - деді спикер.

 
Сонымен қатар, ТЖ жөніндегі бірінші вице-министрдің айтуынша, қар көшкінінің өздігінен және профилактикалық түсуіне уақытылы ден қою үшін 112 адам және 56 бірлік техникадан тұратын 12 құрылымдар дайындалды.