Сауран ауданының эвакуацияланған тұрғындары біртіндеп үйлеріне оралуда.
ТЖМ және ЖАО күштерімен үйлерді су басу салдарын болдырмау және азайту мақсатында аула аумақтарынан суды сорып шығару жұмыстары жүргізілуде, құм салынған қаптарды төсеу және су бұру арналарын тазарту жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 15 300 қап төселді.
Республикалық және облыстық жедел штаб жұмыс істейді. Штабтар базасында жедел желі телефондары ашылды.