Коммуналдық құлдық немесе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызмет көрсетушілердің ауыспауы ТКШ нарығындағы бәсекелестікті бұрмалайтын басты фактор. Тұтынушылар, яғни тұрғын үй иелері, көбінесе басқа жеткізушілерді таңдау мүмкіндігіне ие емес, қызметтерді таңдау көбінесе құрылыс салушының үй салу кезеңінде жасалады.

Осы мәселені шешу үшін Агенттіктің бастамасы бойынша ИИДМ-мен бірлесіп 2022 жылғы 1 маусымда тұрғын үй кешендерінде ТКШ сервистік қызметтерін жеткізушілерді (домофондар, лифттер, МИБтер, ҚТҚ) онлайн-ауыстыру жобасы басталды. Жеткізушілерді онлайн ауыстыру жобасы цифрлық платформаларға көппәтерлі тұрғын үй мекенжайының тіркеу коды бойынша және жылжымайтын мүлік иесінің электрондық дауыс беру процесінде меншік иесін ЖСН бойынша сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

М. Омаровтың айтуынша, жобаны іске қосу кезеңінде Астана, Алматы, Орал, Қостанай және Ақтау қалаларында бейнебақылау және домофон ұйымы, басқару органы, МИБ құру, басқару органының басшысы жеткізушілерін ауыстыру, сондай-ақ тарифті бекіту бойынша 248 онлайн жиналыс өткізілді.

Ағымдағы жылы Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында экономикалық конгломераттар ішіндегі мәмілелерді бақылауды күшейтетін түзетулер енгізілетін болады.

Өткен жылдың маңызды оқиғасы бәсекелестікті қорғау және дамыту Тұжырымдамасын қабылдау болды. Онда бәсекелестік ортаның ағымдағы жай-күйін талдау ұсынылған, негізгі проблемалар көрсетілген. Бұл «негізгі қуатқа» шектеулі қол жетімділік, бағаны бұрмалау, селективті патронат немесе фаворитизм. Тұжырымдаманы іске асыру үшін бәсекелестікті дамыту бойынша жол карталарын әзірлеу көзделген. Алғаш рет бұл жыл сайын жаңартылып отыратын, талдау қорытындысы бойынша қабылданатын тұрақты жұмыс істейтін құжаттар болады. Өткен жылдың соңына дейін денсаулық сақтау, АӨК, тұрғын үй құрылысы, көмір, мұнай және мұнай өнімдері салаларында 5 жол картасы қабылданды. Қаржы қызметтері, телекоммуникация, электр энергетикасы, тауарлық газ, теміржол көлігі және азаматтық авиация салаларындағы 6 жол картасын келісу сатысында.

Осылайша, монополияға қарсы органның негізгі жұмысы нарықты монополиялау салдарын төмендету жөніндегі шараларға шоғырланған.

БҚДА басшысы хабарлағандай, 2023 жылы монополияға қарсы органның негізгі бағыты ретінде тауар нарықтарына жоспарлы талдау жүргізу бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. Биыл отын-энергетика кешенінің, көлік және байланыстың, агроөнеркәсіптік кешеннің, өнеркәсіптің, қаржы және өзге де салалардың 19 тауар нарығына талдау жасау жоспарланған.

«Монополияға қарсы реттеудің тиімділігін арттыру Агенттіктің негізгі міндеттерінің бірі болады. Ол үшін тергеу және талдау рәсімдері бөлігінде нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілетін болады. Талдау және ден қою шаралары үшін қажетті ақпаратты жинау процесін оңтайландыру мақсатында нақты уақыт режимінде тауар нарықтарының шоғырлану деңгейінің өзгеруін, өткізу көлемдерінің, бағалар мен қатысушылардың негізгі шығындарының серпінін көруге мүмкіндік беретін «Бәсекелестік жай — күйінің Талдамалық картасы» дашбордының көрсеткіштері мен тауар нарықтарының тізбесін кеңейту бойынша жұмыс жүргізілетін болады», - деп түйіндеді М.Омаров.