Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз» және «QazaqGaz» ұлттық компаниялары басшыларының қатысуымен жаңа кен орындарын барлау және игеру, қайта өңдеу және газ химиясы салаларындағы жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ жалпы, газ саласын дамытуды ынталандыру жөніндегі шаралар талқыланды. 

Бұдан басқа, жұмыс істеп тұрған кен орындарының ағымдағы өндірістік балансы және перспективті учаскелердің әлеуетті қуаты қаралды. 

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр бірқатар нақты тапсырма берді.