Отырысты қорытындылай келе, Ерұлан Жамаубаев Ұлттық экономика министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұсыныстарын ескере отырып, бағаны мемлекеттік реттеуді кезең-кезеңімен алып тастау жөніндегі Жол картасының жобасын әзірлеп, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының жобасын Үкіметке енгізуді тапрсырды. 

Ерұлан Жамаубаев жүргізіліп жатқан реформаларды ақпараттық қамтуды күшейту қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, жүргізіліп жатқан жұмыстар тауар нарығын дамытуға, сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.