Оның айтуынша, отандық экспорттаушыларды ақпараттық қолдау үшін бірқатар Еуропа, Азия және араб әлемі елдеріне өнімнің 500 түрі бойынша өнімдерді экспорттау алгоритмдері зерттеп-зерделенді.
«Бұл нақты бар әрі потенциалды жаңа экспорт. Осыған байланысты Үкіметтен Қазақстанның мүдделерін халықаралық аренада қорғайтын Техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталығы құрылып, жұмыс істеуде. Мұнда біліктілік деңгейі жоғары, өндірісте, өңірлерде және әр түрлі салаларда үлкен кәсіби тәжірибесі бар мамандар жұмыс істейді. Қауіпсіздік мәселелерінде тұтынушы құқығын қорғау, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірге өндірістерді, нормативтік және сынақ базасын ұйымдастыру осы үйлестіру орталығының сарапшыларының міндеті болып табылады. Сонымен қатар 1 ақпаннан бастап саудадағы техникалық кедергілер мәселелері жөнінде қазақстандық кәсіпкерлер мен тұтынушылардың мүдделерін қорғау бойынша тұрақты жұмыс істейтін колл-орталық іске қосылды. Шын мәнінде «бір терезе» принципі бойынша қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлерге Қызмет көрсету орталығы құрылды, онда қауіпсіздік мәселелеріндегі тауарларға қатысты әзірленіп жатқан міндетті талаптар бойынша толық ақпарат алуға болады», - деді спикер.