«Осы шешімнің арқасында бизнеске 40 мыңға жуық стандарт алу кезінде көмек көрсетілді, онда кәсіпкерлер 110 млн теңгеден астам үнемдеді», - деді спикер.


Бұдан басқа, ірі бизнестің сұрауы бойынша «Техникалық реттеу туралы» Заңмен 1 шілдеден бастап халықаралық, өңірлік және шет мемлекеттердің стандарттарын тікелей қолдануға рұқсат етілді. 

«Бұл кәсіпкердің шығындарын қысқартуға, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік берді және отандық тауар өндірушілер 8 млрд теңгеден астам үнемдеді. Бұл қазақстандық стандарттар базасы қоғамның толық қажеттіліктерін қанағаттандырып, заманауи технологиялардың трансфері үшін жағдай жасайтынын көрсетеді», – деді Ғ. Мұхамбетов.


Оның айтуынша, барлық стандарттар консенсус арқылы қабылданады. 


Мысалы, 2022 жылы қоғамның және бірқатар мемлекеттік органдардың сұрауы бойынша 223 ұлттық стандарт бекітілді, оның ішінде электр самокаттар, бір реттік вейптер, «Сергек» қауіпсіздік жүйесі, қауіпті медициналық қалдықтарды жою және залалсыздандыру жабдықтары және т. б. бар.