Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, 2027 жылы кең жолақты интернеттің үйдегі желілеріне қол жеткізу деңгейі 100%-ға жетеді. Сонымен қатар 2027 жылы 5G-мен қамту республикалық маңызы бар қалаларда 75%-ға, облыс орталықтарының қалаларында 60%-ға жетпек. Ал ауылдық жерлерде интернет желісін пайдаланушылардың үлесі 2027 жылы 97%-ға жақындайды.

Сонымен қатар кеңеске қатысушылар Мемлекет басшысының халықты ауыз сумен жүз пайыз қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленген «Әрбір елді мекенде таза ауыз су» ұлттық жобасын қарады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы жобаны қаржыландыруды қайта қарады. Оны іске асыру 2025 жылдың қорытындысы бойынша барлық қалалар мен ауылдарды сумен жабдықтау қызметтеріне 100% қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Кеңес қорытындысы бойынша Ерұлан Жамаубаев мүдделі мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.