Сонымен қатар гидрометеожағдайлар күрт өзгерген жағдайда 2-3 тәулік бұрын су тасқыны қаупі туындауы жайлы дауылды ескертулермен алдын ала хабардар ететін болады. 

«Ел аумағында барлығы 1806 тірек гидротехникалық құрылыс бар. Биыл қаңтар айындағы жағдай бойынша 1322 ГТҚ зерттелді. 471 нысан жөндеуді талап ететіні анықталды, оның 327-сі коммуналдық меншікте. Экология және табиғи ресурстар министрлігімен ГТҚ тасқын суларын қауіпсіз өткізу және қажетті инертті материалдар мен техниканы дайындау үшін жергілікті атқарушы органдарға тиісті іс-шараларды өткізу туралы ұсынымдар жіберілді. Республика аумағындағы ірі су қоймалар бойынша орташа толу 60-75% құрайды. Ірі су қоймаларына ағынның күтілетін көлемі норма шегінде. Барлық су қоймаларында су қабылдауға арналған бос көлемдер бар», - деді вице-министрі.


Оның айтуынша, су қоймалары бекітілген жұмыс режиміне сәйкес жұмыс атқаруда.